top of page

Результаты поиска

23 results found with an empty search

  • АТА-АНАЛАРҒА | mektep190

    Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Жеке бастың қалыптасуы, оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иiлуге қандай икем болса, бала да тәрбиенi қабылдауға сондай бейiм. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. “Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе” – деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым–қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым–қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым–қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым–қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады. - ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған; - ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас; - өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас; - бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас; - түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. «Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады. Өзіндік бағалауы жоғары жағдайда да адекватсыздық байқалады. Бұл баласын көп мақтап, кішкентай жетістіктері үшін де сыйлық беретін отбасында да кездеседі. Жоғары, бірақ шамадан тыс өзіндік бағалауы жоқ отбасында балаларға бағытталған көңіл бөлушілік қажетті деңгейдегі талапшылдықпен сәйкес келеді. Өзіндік бағалауы төмен балаларға отбасында шамадан тыс еркіндік ұсынылады, алайда бұл еркіндік ата-ана мен бала арасындағы қатынас бұзылуы нәтижесіндегі бақылаусыздық болып табылады. Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мимика, жест және поза көмегімен жүзеге асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде соған бейімделіп кетеді. Сөйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды ересектер тітіркендірсе, бір нәрсені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды. Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты төмен өзіндік бағалаудың өсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері төмендеп, сәтсіздік сезімі беки түседі. Өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, өз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми түрде меңгеру. Өз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің төмендеуіне көңілі толмаған ересектер қарым-қатынас барысында аса үлкен көңіл бөле отырып, бала бойындағы эмоционалды дискомфортты үдете түседі. Балаға жақын ересек адамдар бала жетістіктерін байқап, оны қателіктері үшін аса қатал жазаламау арқылы оның үрейлілік деңгейін төмендетеді және сол арқылы оқу тапсырмасының сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі эмоционалды сәтсіздіктердің басқа формасы ата-ананың диктат болуы нәтижесінде пайда болады. Оларға қорқыныш – адам санасындағы нақты қауіпті сезінуі; үрей – болашақтағы қауіпке эмоционалды түрде тұрақталып қалу. Үрей қорқынышқа қарағанда әрқашанда теріс сезім емес, өйткені ол қуанышты қобалжу кезінде де орын алады. Қорқыныш пен үрейді біріктіруші– мазасыздық сезімі болып табылады. Оны баланың сасқалақтап, қажетті жауапты бере алмай, дірілдеген дауыспен сөйлеп, мүлдем үндемей қалуынан көреміз. Ол мүлдем көп қимылдарды жасайды немесе мүлдем қозғалыссыз қалады. Мұндай симптомдар ағзаның психофизиологиялық функцияларына шамадан тыс қысым түскенін білдіреді. Қорқыныш жасқа немесе жүйке жүйесіне байланысты болады. Жасқа байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда кеңінен көрініс табады. Олар келесідей факторларға байланысты болады: ата-анасында қорқыныштықтың болуы, баламен қатынастағы үрей, шамадан тыс қамқорлық және оны құрдастарымен қатынасынан оқшаулау, ата-ана тарапынан тыйымдардың көп болуы немесе шамадан тыс еркіндік және отбасындағы ересектердің көптеген қорқытулары, ата-ана арасындағы конфликтілік қатынас, қорқыныш сияқты психикалық жарақат, құрдастары және ересектерімен қатынастағы қорқынышты психиканы жұқтырып алу. Жүйке жүйесіне байланысты қорқыныштың сипаттары: жоғары сезімдік және қысым жағдайында болу; тұлға және оның мінез-құлқының қалыптасуына кері әсер ету; басқа қобалжулармен байланыс, барлық жаңалықтан және таныс емес нәрседен қашу; қорқынышты жоюдағы қиындық. Сондай-ақ жүйке жүйесіне байланысты қорқыныш ұзаққа созылған шешімі күрделі қобалжулардың нәтижесінде туындайды. Көп жағдайда сезімтал, отбасындағы қарым-қатынасты эмоционалды қиындықты басынан кешіретін, өзі жайлы көзқарасы отбасындағы қақтығыстар нәтижесінде өзгертілген балалар осындай қорқыныштарды сезінеді. Мұндай балалар ересектерге бедел және махаббат негізі ретінде сүйене алмайды. Мектепке дейін ересектермен қарым-қатынас тәжірибесіне ие болмаған балалар олардың көңілінен шықпай қалуға, мектеп ұжымына бейімделуде қиыншылықты басынан өткізеді және мұғалімнен қорқады. Кейбір жағдайларда құрдастарымен қақтығыстарға түсіп, олардың тарапынан болатын агрессиядан қорқу (төбелесу, ұрып-соғу) мектептен қорқу себептерінің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы қорқыныштың нәтижесінде ұялшақтық сияқты мінез-құлық формасы туындайды. Ұялшақтық – бұл көптеген адамдарға тән, қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін ерекшелік. Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы терең және үздіксіз қатынас болуы қажет. Бұл тәрбиелеудегі негізгі талап. Қатынасты сақтаудың негізі – бұл бала өміріндегі оқиғалардың барлығына да қызығушылық таныту, оны түсінуге, оның өміріндегі өзгерістерге көңіл бөлу. Балалар мен ата-аналар арасындағы эмоционалды қатынас өзара түсіністік жайлы айтқанда бала мен ересек адамның арасындағы әрекеттестік, диалог жайында ой қозғалады. Зерттелініп отырған жас кезеңінде эмоционалды қатынас, дыбыстық қатынас өте маңызды болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ересектердің балалармен қарым-қатынасының мынадай принциптерін көрсете аламыз: баланы қаз қалпында қабылдау; эмпатия - ересек адам бала позициясын қабылдайды, туындаған мәселеге бала көзімен қарайды; конгрэнттілік - болған оқиғаға ересек адамның адекватты қатынасы. Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

  • ОҚУШЫЛАРҒА | mektep190

    №190 орта мектептің оқушыларға қойылатын талаптар мен оқушы ЕРЕЖЕСІ ​ Жалпы ереже. Техникалық қауіпсіздікті сақтау. Мектеп мүлкіне тиянақты қарау, тазалақты және тәртіпті сақтау. Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу (өзі немесе ата-ана көмегімен) Ұстаздардың берген тапсырмасын орындау Оқушы құрбыларын сыйлау, ұстаздармен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті. Мектепке оқу құралдардан басқа артық заттар әкелуге тыйым салынады (ішімдік, темекі және зиянды заттар т.б.) Мектепте немесе мектеп маңында темекі тартуға болмайды. Күштеу, бопсалау, қорқытуға тыйым салынады. Мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде мектептен кетуге болмайды. Сабаққа келмей қалған күні оқушы сынып жетекшісіне дәрігерден немесе ата-анасынан анықтама әкелуі тиіс. Сабақты себепсіз қалдырмауы тиіс. Оқушылардың мектепке келуі мен кетуі: 1.Оқушы мектепке сабаққа 15 мин қалғанда келуі тиіс. 2.Мектептің ішіне кіргенде оқушылар аяқ-киімін тазалап, сырт киімін шешеді; 3.Сабақ кестесіне байланысты тиісті оқу бөлмесіне барады; 4.Мектепке оқушы ережесіне сай келмеген оқушыларға кезекшілер тез арада өзінің сырт келбетін дұрыстауына ескерту жасайды; 5.Барлық оқушылар мектепке кешікпей келуі керек. Кешіккен жағдайда кезекші мұғалім немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі. 6.Мектепке сабаққа қатысы жоқ заттарды алып келуіне тыйым салынады. 7.Оқушылардың мектептен үйіне кетуі сынып жетекшілерінің қадағалауымен жүргізіледі. 8.Оқушылардың мектеп ішінде сырт киімін және бас киімін киіп жүруіне рұқсат етілмейді. 9.Сабақтан соң мектепте қалуға сабақ кестесіне сай үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысытын, мектептің қоғамдық жұмысына қатысушы оқушыларға ғана рұқсат етіледі. Оқушының тәртібі Сабақ кезінде Қоңырау соғылған соң әрбір оқушы өз орнында болып сабаққа қажетті құралдарын дайындап отыруы тиіс. Сынып кезекшісі сабақта жоқ оқушыны анықтап, оқу бөлмесінің, тақтаның тазалығына жауапкершілікпен қарау керек. Оқушы мұғалімнің сыныпта тазалақ болған жағдайда және сабаққа қажетті құралдар (бор, тақта, сүртетін шүберек т.б.) дайын болғанда ғана сабақ бастайтынын естен шығармауы керек. Әрбір оқушы өзінің сыныптағы, мектеп шеберханасындағы жұмыс столы мен отырған орнының тазалығына, сақталуына жауапты. Сыныпқа мұғалім немесе үлкен кісі кірген мезгілде оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі Оқушының жұмыс столында артық заттар болмауы тиіс. Оқулығы мен дәптерін мұғалімнің рұқсатымен ашуы керек. Сабақ кезінде оқушы түзу отырып, мұғалімді мұқият тыңдауы керек. Басқа жұмыспен айналысуына тыйым салынады. Сабақ айту үшін оқушы тақтаға күнделікпен шығады. Сабақты дауыстап, түсінікті етіп айтады. Оқушыда сұрақ болған жағдайда қол көтеріп (шынтағын үстелден көтермей) мұғалімнің рұқсатымен орнынан тұрып сұрайды. Оқушыға мұғалімнің рұқсатынсыз жолдасына сыбырлауға, жауабын дұрыстауға тыйым салынады. Сабақтан шығу қоңырауы мұғалім үшін беріледі. Оқушы сабақтан мұғалімнің рұқсатынан соң шығады. Сабақтан шығарылған оқушы директорға немесе директордың орынбасарына жіберіледі; Оқушы сағыз, плеер, ұялы телефондар т.б. басқа заттарды сабақ кезінде пайдалануға болмайды. Дене тәрбиесі сабағына, спорттық үйірмелерге спорттық киіммен келеді Сенбіліктерге, қоғамдық пайдалы еңбекті ескеру сағаттарына, мектепті тазалау жұмыстарына жұмыс киімімен келеді Үзіліс кезінде: Оқушылар үзіліс кезінде өз сыныптары орналасқан қабатта болады. Оқушылар таңғы асты ішкенде өз сыныбына дайындалған орында және белгіленген уақытта ғана ішеді. Мектептегі үзіліс кезінде оқушыларға жүгіруге болмайды. Достарымен жәй әңгімелеседі. Мектеп ережесін бұзған оқушылар кезекші оқушыға немесе кезекші мұғалімге аты-жөнін, сыныбын айтуға міндетті. Мұғалімдер бөлмесіне оқушылар үлкен кісілермен бірге кіреді. Оқушы терезені мұғалімнің рұқсатынсыз ашуға болмайды. Үйірмелер мен іс-шараларда: Әрбір оқушы өз қалауы бойынша үйірмелерге қатыса алады. Сынып жетекшілерімен және үйірме жетекшісімен бірге үйірмеге жазылады. Үйірме мүшелерінің бірінші жиналысында үйірмеге қатысытын оқушылар мен үйірме кестесі, мерзімі таныстырылып, тапсырмалар беріледі. Үйірмеге қатысушылардың тізімі журналға жазылады. Үйірме мүшелері тәртіп бұзған жағдайда үйірмеден шығарылады. Сыныптан тыс іс-шаралар белгіленген уақытта басталады. Оқушылар іс-шараларға уақытылы қатысуы керек. Көпшілік орында, концертте отырғанда оқушылар өзін мәдениетті ұстауы тиіс. Орнынан тұрып жүруге іс-шаралар біткенше көпшілік залынана шығып кетуге болмайды.

  • ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ | mektep190

    ​ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГИМНІ Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті. ​ ​ Сөзін жазғандар: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІ ТЫҢДАУ Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным ​ Unknown Track - Unknown Artist 00:00 / 00:00

  • Бірлестік жетістіктері | mektep190

    Бастауыш сынып бірлестігі Жаратылыстану бірлестігі

  • ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ | mektep190

    Білім беру мазмұнының жаңартылуы Ата-аналарға арналған жаднама

  • БЕЙНЕРОЛИКТЕР ТОПТАМАСЫ | mektep190

    Kundelik.kz жүйесінің мүмкіндіктері туралы BILIM LAND мүмкіндіктері туралы Электронды почта ашу туралы

  • БАСТЫ БЕТ | mektep190

    Мектеп әкімшілігі Хабарламалар Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы , Ақтан батыр ауылы №190 орта мектеп 1984 жылы ашылып үлкен білім беру ошағына айналды.Қазіргі таңда мектеп жанынан "Мерей" шағын орталығы пайдалануға беріліп 50 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр №190 ОРТА МЕКТЕП РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

  • МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР | mektep190

    МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
BILIM.jpg
TIL ALEMI.png
NOBD.jpg
KUNDELIK.png
BILIM LAND.png
EGOV.jpg
BILIM BOLIMI.jpg

© 2019 «Қазалы ауданының білім бөлімінің №190 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған. Сайттан мәлімет қолданған

жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Белая иконка facebook
  • Иконка Twitter с прозрачным фоном
  • White Google+ Icon
  • White YouTube Icon
bottom of page