Мектептің өткен оқу жылындағы бағдарлы оқыту және
бейіналды даярлық жұмыстарын талдау, 2017-2018 оқу жылында
бағдарлы сыныптарды комплектілеу
2017 – 2018 оқу жылында мектепте 11 «А» сыныпта қоғамдық –гуманитарлық бағытында 11 оқушы, 11 «Б» сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытында 15 оқушы, 10 «А» сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытында 17 оқушы, 11 «Б» сыныпта жаратылыстану – математикалық бағытында 14 оқушы жоспарға сай білім алды. Оқу жылында мектеп компонентіндегі сағаттар сабақ кестесіне енгізіліп берілді. Бағдарлы пәндерден мектептегі І-ІІ санатты мұғалімдер сабақ берді.
Бейіналды және бағдарлы сыныптардың таңдау және қолданбалы курстары сабақ кестесіне енгізіліп, сабақтардың жүргізілуі бақыланды.
Бағдарлы сынып оқушыларынан бағдарлы пәндер бойынша бақылау жұмыстары алынып, педагогикалық кеңесте қорытындыланды.
10-11 сыныптарда оқитын оқушылардың бағдарлы пәндер бойынша тоқсан сайын білім сапасына мониторинг жасалынды.
Өткен оқу жылында 9 сыныпта 29 оқушы білім алды. Оның ішінде 19 оқушы өз қалаулары бойынша АОО-на түсті.


2018-2019 оқу жылында 10 сыныпта 10 оқушы 2/8 қыз бала жаратылыстану-математикалық бағытында білім алатындығы нақтыланып, бағытына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі З.Ибраймова сынып жетекшісі болып бекітілді.
2017-2018 оқу жылында ҰБТ-ге 14 оқушы қатысты. ҰБТ-ге қатысу көрсеткішіміз- 53,8. ҰБТ-ң қортындысымен орташа балы -84,8 білім көрсеткішін көрсетті. ҰБТ-ге қатысқан 14 оқушының 8-і «Серпін» бағдарламасы бойынша ЖОО –ң білім грантын, 2 оқушы жалпы конкурс бойынша ЖОО-ң грантын және 1 оқушы облыс әкімінің грантына ие болды. 3 оқушы АОО-ң грантын иеленді.
ҰБТ-ге қатыспаған 12 оқушының 11 оқушысы АОО-ң білім грантын иеленді. 1 оқушы ЖОО-ға ақылы оқуға қабылданды. Мектеп бітіруші 26 оқушыда 100 % ЖОО-мен және АОО –мен қамтылды.

