
Оқу ісінің меңгерушісі
Рахмет Майгүл Уайсбайқызы
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасының, Алғыс хатының және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандың филиалының Құрмет грамотасының иегері.Аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.2017 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» марапатталды.
Аудандық ғылыми жоба байқауында 9-сынып оқушысы Уайысбай Назерке І орын ,облыстық Ғылыми жоба байқауында ІІІ орын, республикалық ғылыми жоба байқауында «Дарын» дипломымен марапатталды.2007 жылы облыстық Ү «Мен бағдарлаған әлем» конференциясында ҚазОА дипломымен марапатталса,2008 жылы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына «Ұжымдық зерттеудің маңызы» зерттеу жұмысы енді,халықаралық «ХІІ Сәтбаев оқулары» конференциясына оқушысы Абат Думан қатысып, «Қазақ әдебиетінің арғы тарихы» тақырыбындағы баяндамасы конференция жинағына еніп, ІІ орын иеленді.2011жылы аудандық «Үздік оқу ісі меңгерушісі-2011» байқауында «Шығармашыл оқу ісі меңгерушісі» бағамына ие болды,2 республикалық «Білім кілті» журналында және республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналында іс тәжірибесі жарияланды, Оқушылары бірнеше дүркін аудандық, облыстық Абай оқуларының жүлдегерлері атанды.
2016 жылы «Ақбота» интелектуалдық марафонында оқушылары :Ж. Аймахан І орын, Н. Жанғазиев І орын,Ғ. Ақатай І орын иеленді. Аудандық пән олимпиадасы А. Әбдіғани ІІ орын, 2017 жыл аудандық пән олимпиадасында А.Әбдіғани ІІІ орын,2017 жыл Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары:Ғ. Ақатай І орын,А. Әбдіғани І орын,А. Кәрібай І орын,Б. Абдулла, Ж І орын, Ж. Аймахан І орын алды,2017 жыл «ЭКСПО-2017-Болашақ энергиясы»облыстық шығармалар байқауында оқушысы А.Қанибай ІІІ орын иеленді.
Мұғалімдердің Республикалық «Қазақстан ұстазы» олимпиадасында І орын,2017 жылы «Қазақ тілі пәнін жаңа технологиялармен оқыту»әдістемелік жинағы шықты.
Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары
Сарсенбаев Ардак Ермекович
І санатты тарих
пәнінің мұғалімі
Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасының, Алғыс хатының және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандың филиалының Құрмет грамотасының иегері.Аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» және Қазақстандық салалық Білім және ғлым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 жылы 9 сынып оқушысы Ж.Тасболатқызы аудандық ғылыми жоба байқауының ІІІ орын, 2008 жылы 11 сынып оқушысы Д.Шәкір облыстық ғылыми жоба байқауының ІІ орын иегері, 2010 жылы 9 сынып оқушылары Ж.Смағұл, Г.Кеңесбай, П.Жұмағұл, М.Айберген, Е.Сахи, республикалық «Золотое руно» сайысының ІІІ орын иегерлері, 2012 жылы аудандық «Үздік бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары-2012» байқауында Алғыс хатпен марапатталды . 2016 жылы оқушылары Н.Бақытжанова, Е.Сержан Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Біз –Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұрпағымыз»Республикалық патриоттар форумында төсбелгімен марапатталды.Оқушылары А.Жұмағали,Б.Төлеміс,Ж.Әбдіғани «Urfodu» халықаралық қашықтық олимпиадасында І орын,халықаралық «Золотое руно»сайысында Н.Жанғазиев ІІ орын иеленді.
