top of page

Результаты поиска

23 results found with an empty search

  • ҰБТ ОЖСБ | mektep190

    Мектептің өткен оқу жылындағы бағдарлы оқыту және бейіналды даярлық жұмыстарын талдау, 2017-2018 оқу жылында бағдарлы сыныптарды комплектілеу 2017 – 2018 оқу жылында мектепте 11 «А» сыныпта қоғамдық –гуманитарлық бағытында 11 оқушы, 11 «Б» сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытында 15 оқушы, 10 «А» сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағытында 17 оқушы, 11 «Б» сыныпта жаратылыстану – математикалық бағытында 14 оқушы жоспарға сай білім алды. Оқу жылында мектеп компонентіндегі сағаттар сабақ кестесіне енгізіліп берілді. Бағдарлы пәндерден мектептегі І-ІІ санатты мұғалімдер сабақ берді. Бейіналды және бағдарлы сыныптардың таңдау және қолданбалы курстары сабақ кестесіне енгізіліп, сабақтардың жүргізілуі бақыланды. Бағдарлы сынып оқушыларынан бағдарлы пәндер бойынша бақылау жұмыстары алынып, педагогикалық кеңесте қорытындыланды. 10-11 сыныптарда оқитын оқушылардың бағдарлы пәндер бойынша тоқсан сайын білім сапасына мониторинг жасалынды. Өткен оқу жылында 9 сыныпта 29 оқушы білім алды. Оның ішінде 19 оқушы өз қалаулары бойынша АОО-на түсті. 2018-2019 оқу жылында 10 сыныпта 10 оқушы 2/8 қыз бала жаратылыстану-математикалық бағытында білім алатындығы нақтыланып, бағытына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі З.Ибраймова сынып жетекшісі болып бекітілді. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ-ге 14 оқушы қатысты. ҰБТ-ге қатысу көрсеткішіміз- 53,8. ҰБТ-ң қортындысымен орташа балы -84,8 білім көрсеткішін көрсетті. ҰБТ-ге қатысқан 14 оқушының 8-і «Серпін» бағдарламасы бойынша ЖОО –ң білім грантын, 2 оқушы жалпы конкурс бойынша ЖОО-ң грантын және 1 оқушы облыс әкімінің грантына ие болды. 3 оқушы АОО-ң грантын иеленді. ҰБТ-ге қатыспаған 12 оқушының 11 оқушысы АОО-ң білім грантын иеленді. 1 оқушы ЖОО-ға ақылы оқуға қабылданды. Мектеп бітіруші 26 оқушыда 100 % ЖОО-мен және АОО –мен қамтылды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

  • ХАБАРЛАМАЛАР | mektep190

    Цифрлы агент Тақырыптық баннер

  • ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ | mektep190

    № 190 орта мектеп бойынша 2018-2019 оқу жылындағы оқушылардың үйірмелер мен секцияларға қатысуы.2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша 13 пән бойынша 25 үйірме жұмыс жасайды. 4-11 сынып аралығында 176 оқушы бар. Үйірмеге қатысатын сыныптардың сандық мәліметі ​ ​ ​ ​ ​

  • ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ | mektep190

    БАСТАУЫШ СЫНЫП БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН М.МАҚАТАЕВТЫН ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ "ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК " АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ЖӘНЕ "АНАМ ЖӘНЕ МЕН" АТТЫ АНАЛАР САЙСЫ БОЛЫП ӨТТІ! Tilmedia.kz Sozdikqor.kz Qujat.kz Qazcorpora.kz Tilalemi.kz 4

  • ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ | mektep190

    Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.. Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

  • ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ | mektep190

    Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

  • МЕКТЕП ТАРИХЫ | mektep190

    Көларық ауылының мектеп тарихы әріден басталады. 1885 жылы 12 тамызда Қаракөл болысының Томанкөл ауылында орыс – қазақ училищесі № 3,5,8,9,10 ауыл старшындарының қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Мектепке сол кезеңнің беделді, салауатты адамы Байеке Жамановтың үйі беріледі. Алғашқы мұғалімдері Қасымов, Әйтім Палуанов болған. Мектепте жастары 18 – 20 – дағы жергілікті байлардың 17 баласы оқыған. Мұғалімнің жетіспеушілігінен шамалы уақыттан кейін жабылған. Осы мектеп негізінде 1934 – 35 оқу жылында Көларық елді мекенінде «Томан» бастауыш мектебі ашылды. Алғашқы директоры әрі оқытушысы Ерғали Қожаназаров болған. Алғашқы мектептің қазір төмпешік орны бар. Осы 1934 – 35 оқу жылында және бір мектеп ашылды. Бұл дария бойында қазіргі Бірліктің (дарияның бергі беті) тұсында «Жалайыр» мектебі болып аталады. Бұл мектептің мұғалімі Дәулетов Иманғали деген кісі болды. Ертеде бұл жерді Қарақалпақ ағайын мекендеген деген сөз бар. Сол Қарақалпақтың ханы Жалайыр арық қаздырып, егін еккізген арықтың атын Жалайыр қойған. Жалайыр арығы қазіргі бірліктің бергі тұсынан дариядан саға алып Құттықтың Қайдауылының жерінің үстімен Қаракөлді басып өтіп қазіргі Шерекен қыстауының түбінен өтіп Мұратбаев колхозының «Бес кетпен» деген жеріне дейін созылып барады. Міне осы арықтың атымен Жалайыр серіктестігі және Жалайыр мектебі болып аталады. Томанда, Жалайырда 16 ауылдық совет еді. Мектеп меңгерушісі Қожаназаров Ерғали 1934 – 37 жылдары 3 жыл істеп, орнына «Жалайыр» мектебі мен «Томан» мектебі қосылды. Корей ағайындардың көшіп келуіне байланысты 1937 жылы «Томан» бастауыш мектебі жеті жылдық «Көларық» орталық мектебі болып аталды. 1965 жылдың 1 қыркүйегінде 8 жылдық мектеп болып ашылды. 1973 жылы жеті жылдық Көларық мектебі 10 жылдық мектеп болып аталды. 1984 жылы жаңа типті 332 орындық, ІІ қабатты мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 1986 жылы 6 жастан оқыту бағдарламасы бойынша екі топ ашылып арнайы оқу, ойын, жатын дайындалып оқушылар таңертеңнен кешке дейін мектептен білім алды. Үш мезгіл тамақтанатын асханасы болды. Бұл тәжірибе аудан бойынша тұңғыш енгізілген болатын. Өз нәтижесін беріп аудандық семинар өткізіп, оң бағасын алды. 1987 жылы 9 сынып оқушыларынан «Өркен» комсомол жастар бригадасы құрылып,ауыл сыртындағы «Шеңгелді» участогінде жүгері егу жұмыстарымен айналысты. Онда оқушылардың барлық жағдайы жасалып, жатақхана, кітапхана, дәрігерлік пункті, қызыл мүйіс, асхана жұмыс жасалды. Осындай семинар өткізіп, көпшілік көңілінен шықты. Білім саласында болып жатқан реформаларды өмірге енгізу, насихаттау, әкімшілік шешімдері тыңғылықты орындау Жадиев жандаулеттің қанына сіңген қасиет еді. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында гүл өсіріліп, аз уақыт ішінде гүл саны 1500 – ге жетіп, мектеп гүлге оралды. Облыстық семинар өткізіп Оразбаева Балқия меңгерушілік ететін биология кабинеті «Жасыл кабинет» деген атаққа ие болды. Мектеп спорт саласында да зор табыстарға жетіп, Арықов Әнуарбек жаттықтырған Ресей қаласы Наватрощикілде өткен турнирде І орын алған Оқасов Ақылбек пен Жәлімбетов Ғалымжандар І разрядты боксшы нормаларын орындады. Білікті басшының еңбегі еленіп, 1988 жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық І мұғалімдер Съезіне делегат болып қатысып қайтты. Бұл ауыл, мектеп ұжымы үшін зор құрмет болатын. Мектепте сабақты техникалық құралдармен сабақ беру басты назарда болып, аудандық фильмотека мекемесімен тығыз байланыс орнатылды. АКТ залында шағын «Украина - 2» кинопроектормен оқушыларға мультфильмдер көрсетіліп тұрды. Әскери – патриоттық тәрбие беруде және спорт үйірмелерін өз дәрежесінде жүргізу арқасында мектеп оқушыларынан құралған командалар аудандық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Көп жылғы қажырлы еңбек нәтижесін беріп, мектеп тарихында Оралбаева Майра «Алтын медаль» иегері атанды. Бұл 1990 жылы болатын. Жетістік жалғасын тауып, 1991 жылы Жәлімбетова Құралай «Күміс медаль», 1993 жылы Құрманова Нұрсауле мен Жакешова Айтолқындар «Үздік аттестат»,2003 жылы мектеп түлегі Махамбетова Алтынай, 2006 жылы Әріпбаева Мөлдір, 2011 жылы Аюп Гүлфизат «Үздік аттестат» иегерлер атанды.Сонымен бірге 2011 жылы мектеп түлегі Аташ Әдемі Тәуелсіз еліміздің тұңғыш «Алтын белгі» иегері атанды. 1937 – 1939 жылдары мектепті Нұржігітов Уайс басқарды. 1939 – 1940 жылдарда ұлты кәріс Мун Сан Че директор болды. 1940 – 1942 жылдары директор болып Қалымбетов Нұржігіт істеді. 1942 – 1944 оқу жылында Бекмағамбет басшы болды. 1944 – 1947 жылдары Дәулетов Иманғали қайта басқарды. 1947 – 1950 жылдары Бакиев Муса басшылық жасады. 1950 – 1952 оқу жылдарында Кенжалиев Нұрпайыз директор болды. 1953 – 1954 жылдары директор Хайруллаев Жармедет істеді. 1954 – 1956 жылдары Бекмамбетов Жұмамұрат басқарды. 1956 – 1965 жылға дейін Баймаханов Құрмаш директор болды. 1965 – 1970 жылдары директор болып Жадиев Жандаулет істеді. 1970 – 1975 жылдары директор қызметін Шарлыбай Құлмағанбетов атқарды. 1973 – 1974 оқу жылында орта мектеп болып құрылды. 1975 - 1991 жылға дейін басшылық қызметін Жадиев Жандаулет атқарды. 1991 – 2001 жылдары Дәуітов Серік директор болды. 2001 – 2002 оқу жылында басшы болып Жасан Ермекбай қызмет атқарды. 2002 – 2008 жылдары Қанатов Серікбай директор қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары Орынбасаров Қайрақбай директор қызметін атқарды. 2013 жылдан бері Айтмамбет Ділдабек Инаятуллаұлы басқарып келеді.

  • МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ | mektep190

    Оқу ісінің меңгерушісі Рахмет Майгүл Уайсбайқызы Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ​ Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасының, Алғыс хатының және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандың филиалының Құрмет грамотасының иегері.Аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.2017 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» марапатталды. Аудандық ғылыми жоба байқауында 9-сынып оқушысы Уайысбай Назерке І орын ,облыстық Ғылыми жоба байқауында ІІІ орын, республикалық ғылыми жоба байқауында «Дарын» дипломымен марапатталды.2007 жылы облыстық Ү «Мен бағдарлаған әлем» конференциясында ҚазОА дипломымен марапатталса,2008 жылы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағына «Ұжымдық зерттеудің маңызы» зерттеу жұмысы енді,халықаралық «ХІІ Сәтбаев оқулары» конференциясына оқушысы Абат Думан қатысып, «Қазақ әдебиетінің арғы тарихы» тақырыбындағы баяндамасы конференция жинағына еніп, ІІ орын иеленді.2011жылы аудандық «Үздік оқу ісі меңгерушісі-2011» байқауында «Шығармашыл оқу ісі меңгерушісі» бағамына ие болды,2 республикалық «Білім кілті» журналында және республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналында іс тәжірибесі жарияланды, Оқушылары бірнеше дүркін аудандық, облыстық Абай оқуларының жүлдегерлері атанды. 2016 жылы «Ақбота» интелектуалдық марафонында оқушылары :Ж. Аймахан І орын, Н. Жанғазиев І орын,Ғ. Ақатай І орын иеленді. Аудандық пән олимпиадасы А. Әбдіғани ІІ орын, 2017 жыл аудандық пән олимпиадасында А.Әбдіғани ІІІ орын,2017 жыл Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары:Ғ. Ақатай І орын,А. Әбдіғани І орын,А. Кәрібай І орын,Б. Абдулла, Ж І орын, Ж. Аймахан І орын алды,2017 жыл «ЭКСПО-2017-Болашақ энергиясы»облыстық шығармалар байқауында оқушысы А.Қанибай ІІІ орын иеленді. Мұғалімдердің Республикалық «Қазақстан ұстазы» олимпиадасында І орын,2017 жылы «Қазақ тілі пәнін жаңа технологиялармен оқыту»әдістемелік жинағы шықты. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Сарсенбаев Ардак Ермекович І санатты тарих пәнінің мұғалімі Бірнеше рет аудан, облыс әкімінің Құрмет грамотасының, Алғыс хатының және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандың филиалының Құрмет грамотасының иегері.Аудандық білім бөлімінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім және ғылым министрлігінің «Алғысымен» және Қазақстандық салалық Білім және ғлым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2007 жылы 9 сынып оқушысы Ж.Тасболатқызы аудандық ғылыми жоба байқауының ІІІ орын, 2008 жылы 11 сынып оқушысы Д.Шәкір облыстық ғылыми жоба байқауының ІІ орын иегері, 2010 жылы 9 сынып оқушылары Ж.Смағұл, Г.Кеңесбай, П.Жұмағұл, М.Айберген, Е.Сахи, республикалық «Золотое руно» сайысының ІІІ орын иегерлері, 2012 жылы аудандық «Үздік бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары-2012» байқауында Алғыс хатпен марапатталды . 2016 жылы оқушылары Н.Бақытжанова, Е.Сержан Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Біз –Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы Ұлы Дала ұрпағымыз»Республикалық патриоттар форумында төсбелгімен марапатталды.Оқушылары А.Жұмағали,Б.Төлеміс,Ж.Әбдіғани «Urfodu» халықаралық қашықтық олимпиадасында І орын,халықаралық «Золотое руно»сайысында Н.Жанғазиев ІІ орын иеленді. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

  • ҰСТАЗДАРҒА | mektep190

    Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13038 болып тіркелді «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Педагогикалық әдеп қағидалары бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізілген Министрдің міндетін атқарушы : Т. Балықбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілді Педагогикалық әдеп қағидалары 1. Жалпы ережеле р 1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясының , «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының , 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген. 2. Қағидалар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді. 3. Қағидалар ережелерін педагог қызметкерлердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады. 4. Педагогикалық әдеп қағидаларының мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін қолжетімді белгілі бір орында орналастырылады. 2. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары 5. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) адалдық: Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді; 2) әділдік: Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады; 3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу: Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады. Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді; 4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу: педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды. Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді; Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады; 5) кәсіби ынтымақтастық: педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді. Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді; 6) үздіксіз кәсіби даму. Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді. 3. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары 6. Педагог қызметкер өз қызметінде: 1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды; 2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді; 3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды; 4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады; 5) еңбектәртібін бұлжытпай сақтайды; 6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды; 7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды , өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады; 8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді; 9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды; 10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады. 7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер: 1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді; 2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады; 3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдал анады; 4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді. 8. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер: 1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды; 2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
BILIM.jpg
TIL ALEMI.png
NOBD.jpg
KUNDELIK.png
BILIM LAND.png
EGOV.jpg
BILIM BOLIMI.jpg

© 2019 «Қазалы ауданының білім бөлімінің №190 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған. Сайттан мәлімет қолданған

жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Белая иконка facebook
  • Иконка Twitter с прозрачным фоном
  • White Google+ Icon
  • White YouTube Icon
bottom of page